ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМІ БАР ТҮЛЕКТЕРДІ КЛИНИКАЛЫҚ ПРАКТИКАҒА ЖІБЕРУ ҮШІН МАМАН СЕРТИФИКАТЫН АЛУ ҚАҒИДАЛАРЫ

ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМІ БАР ТҮЛЕКТЕРДІ КЛИНИКАЛЫҚ ПРАКТИКАҒА ЖІБЕРУ ҮШІН МАМАН СЕРТИФИКАТЫН АЛУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Маман сертификатын беру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау тәртібін, оның ішінде шетелдік мамандарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған тұлғаларды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» қағидалармен реттеледі.

Мемлекеттік қызмет электрондық форматта, ақысыз негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштер elicense.kz порталы арқылы қабылданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі — 5 жұмыс күні.

Жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес маман сертификатын алу үшін төмендегі құжаттар ұсынылуы қажет:

  • Интернатура түлектері үшін: жоғары медициналық білім туралы диплом, интернатураны аяқтағаны туралы куәлік және мәлімделген мамандық бойынша кәсіби даярлық деңгейін бағалау нәтижесі.

  • Резидентура түлектері үшін: резидентураны аяқтағаны туралы куәлік және мәлімделген мамандық бойынша кәсіби даярлық деңгейін бағалау нәтижесі.