Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Департаментінде лектор Дәрібай Мұратбектің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шара барысында ол департамент қызметкерлеріне арналған түсіндіру дәрісін өткізіп, деструктивті идеологиялардың алдын алу, тұрақты құндылықтарды қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігін нығайту мәселелеріне тоқталды. Қатысушылар кездесудің тәжірибелік маңызын атап өтіп, көтерілген тақырыптардың күнделікті қызмет үшін өзектілігін айтты.
