Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» дәрі бағасын тексеру және шағым беру сервисін іске қосты

Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» дәрі бағасын тексеру және шағым беру сервисін іске қосты

Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақтелекоммен» бірлесіп Naqty Ónim қосымшасында жаңа цифрлық сервисті іске қосты. Енді әрбір азамат дәрінің шекті бағасын тексеріп, бағаның асып кетуіне қатысты шағым жібере алады.
Дәрілік заттарды сату кезіндегі заңбұзушылықтар туралы DariKZ және Naqty Ónim мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ Астана қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне хабарлауға болады.
Бұдан бөлек, азаматтар өз өтініштерін eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жолдай алады.
Сіздің өтінішіңіз заңбұзушылықтардың алдын алып, дәрі-дәрмектердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі.