
Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде Республика күніне арналған іс-шара өтті. Денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі, сондай-ақ еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Улжан Мұхтарқызы Калмуратова Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарованың атынан Алғыс хатпен марапатталды.