Көрсету нысаны:
Электрондық
Қызметті алушылар:
Жеке тұлғалар / заңды тұлғалар
Лицензиялық алым:
Лицензия беру – 10 АЕК
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
- Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – 13 (он үш) жұмыс күні
- Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу – 3 (үш) жұмыс күні
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі:
- Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттардың бар екенін растайтын мәліметтер нысаны
- Өтініш
- Жоғары немесе орта медициналық білімі туралы диплом
- Соңғы 5 жыл ішінде алынған қайта даярлау туралы куәлік немесе біліктілікті арттыру туралы куәлік
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызмет түрлері бойынша жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат
- Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат немесе жалға алу шарты, қайтарымсыз пайдалану шарты (ссуда), мүлікті сенімгерлік басқару шарты немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты
- Маман сертификаты