Медициналық қызметке лицензия алуға қатысты жиі қойылатын сұрақтар

Медициналық қызметке лицензия алуға қатысты жиі қойылатын сұрақтар

Медициналық қызметке лицензия алуға қатысты жиі қойылатын сұрақтар

1) Лицензия және оның қосымшасын беру туралы өтінішті қарау мерзімі қанша күнді құрайды?
- Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 13 (он үш) жұмыс күні;
2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні.

2) Лицензия алу кезінде төлем жасау қажет пе?
лицензиялық алым төмендегідей мөлшерде алынады:
1. Лицензия беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2. Лицензияны қайта рәсімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі ставканың 10%-ы, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.

3) *Лицензиялық алымды қайда төлеу керек?
- Лицензиялық алым заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің тіркелген жері бойынша Салық басқармасына төленеді. Төлем кезінде мыналар көрсетілуі тиіс:
- Салық органының коды;
- Бюджеттік жіктеу коды – 105402;
- Төлемнің мақсат коды – 911 (Бюджетке есептелген және басқа да міндеттемелер).

4) Мен бір өндірістік базадан екіншісіне көштім, қосымшаны қайта рәсімдей аламын ба?
- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ЗРК «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33-бабы, 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу объектінің физикалық орнын ауыстырмай, оның орналасу мекенжайы өзгерген жағдайда, «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия немесе объектілер көрсетілген лицензияға қосымшалар үшін жүзеге асырылады.
Осылайша, өндірістік базаны басқа мекенжайға ауыстыру объектінің физикалық орнын ауыстыру болып саналады және лицензияны және (немесе) оның қосымшасын қайта рәсімдеуге негіз болмайды.
Жаңа мекенжайдағы өндірістік базада медициналық көмек көрсету үшін e.licence электрондық порталы арқылы медициналық қызметке лицензияға қосымша алу туралы өтініш беру қажет.

5) Заңды тұлғаны бір әкімшілік-аумақтық бірліктен екіншісіне қайта тіркеу кезінде лицензияны қайта рәсімдеу үшін өтінішті қай аумақтық департаментке беру керек?
Заңды тұлғаны қайта тіркеу кезінде өтініш заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша аумақтық департаменттерге беріледі. Сонымен қатар, лицензияны қайта рәсімдеу үшін заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің тіркелген жері бойынша Салық басқармасына 1 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.

6) Жабдыққа қойылатын талаптар қандай?
Медициналық ұйымның жабдықталуы өтініш берілген қызмет түріне сәйкес Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсету стандартына сәйкес болуы тиіс.