Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын қалай алуға болады?

Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын қалай алуға болады?

Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес беріледі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-254/2020 бұйрығымен (өзгерістер енгізілген) реттеледі.

Менеджер сертификатын алу үшін денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда жалпы еңбек өтілі кемінде 2 жыл болуы қажет.

Қажетті құжаттар:

  1. «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» дайындық бағыттары бойынша жоғары кәсіби білім туралы диплом;
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік сипаттамаларына сәйкес денсаулық сақтаудың қоғамдық денсаулық және менеджмент саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжат және (немесе) «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша қайта даярлау туралы құжат (қажет болған жағдайда);
  3. Басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған үміткердің білім туралы құжаттарын тану туралы құжат, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен берілген (қажет болған жағдайда);
  4. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы еңбек қызметін растайтын құжат;
  5. «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандыруы бойынша сертификаттау курсынан өткені туралы куәлік;
  6. Денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқарушылық қызметке дайындығын растайтын қорытынды.