Елордалық Департаментте eOtinish порталында АИ енгізу бойынша кеңес өтті

Елордалық Департаментте eOtinish порталында АИ енгізу бойынша кеңес өтті

Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде кеңес өтті. Жиында азаматтардың өтініштерін қабылдайтын eOtinish порталына жасанды интеллект технологияларын енгізу қаралды.

Мамандардың айтуынша, жасанды интеллектті қолдану өтініштерді өңдеу үдерісін жеделдетіп, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жиында азаматтармен өзара іс-қимылды оңтайландыру және деректер қауіпсіздігін сақтау мәселелері талқыланды.