Департамент жаңа жұмыс режиміне көшуде

Департамент жаңа жұмыс режиміне көшуде

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2025 жылғы 22 қыркүйектен бастап жаңа жұмыс тәртібіне көшетінін хабарлайды.

Департаменттің жұмыс кестесі:

сағат 07:30-дан 17:00-ге дейін

түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін

Сондай-ақ азаматтарды қабылдау кестесінің өзгергенін хабарлаймыз:

Құралбек Сәбит Раймбекұлы, Департамент басшысы – әр сәрсенбі күні, 15:00-ден 17:00-ге дейін

Габбасова Гульнара Избастиновна, фармацевтикалық қызмет бойынша басшының орынбасары – әр сәрсенбі және жұма күндері, 11:00-ден 13:00-ге дейін

Райқұл Спандияр Әбдіқадырұлы, медициналық қызмет бойынша басшының орынбасары – әр сәрсенбі және жұма күндері, 11:00-ден 13:00-ге дейін

Габбасова Гүлнара Избастиновна, әдеп жөніндегі уәкіл – әр бейсенбі күні.