Фармакобақылау қалай жүргізілетіні туралы елордалық МФБК департаменті хабарлады

Фармакобақылау қалай жүргізілетіні туралы елордалық МФБК департаменті хабарлады

Дәріхана жағдайында жағымсыз әсерлерді мониторингілеу – дәрілік заттардың сапасын бақылаудың негізгі құралы

Фармаконадзор – дәрілік заттарды қолдануға байланысты жағымсыз әсерлерді немесе өзге де мәселелерді анықтау, бағалау, түсіну және олардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жүйесі.

Фармаконадзордың негізгі міндеттері:

  • Дәрілік заттардың жанама әсерлері туралы ақпаратты жинау және талдау
  • Дәрілік заттар нарыққа шыққаннан кейін олардың қауіпсіздігін бақылау
  • Дәрілік терапияға байланысты қауіптерді азайтуға бағытталған шараларды қабылдау
  • Дәрігерлерді, науқастарды және реттеуші органдарды анықталған қауіптер туралы хабардар ету

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына («Дәріханалық тәжірибелердің тиісті қағидаларын бекіту туралы») сәйкес:

  1. Дәріхана ұйымының басшысы дәрілік заттардың жанама әсерлерін мониторингілеуді ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты тұлғаны тағайындайды.
  2. Әрбір дәріхана ұйымында дәрілік заттардың жанама әсерлері анықталған жағдайда фармацевтер немесе науқастар толтыратын хабарлама карталары болуы тиіс.
  3. Хабарлама картасын дәрілік заттардың жанама әсерлері туралы ақпарат алынғаннан кейін науқастың өзі немесе фармацевт толтырады.
  4. Жанама әсерлер туралы хабарлама карталарындағы деректерді дәрілік заттардың жанама әсерлерін мониторингілеуге жауапты тұлға дәрілік заттардың жанама әсерлерін тіркеу журналында тіркейді.
  5. Фармакотерапияны жүргізу кезінде жанама реакцияның барлық жағдайлары хабарлауға жатады.
  6. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін мониторингілеу – дәрілік заттардың жанама әсерлері туралы хабарламаларды анықтауға, жинауға, бағалауға және талдауға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.