Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы салаларында, сондай-ақ өз құзыреті шеңберінде іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.
Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 424 (бiрiншi бөлiгiнде), 426 (бірінші, 2-1 және 2-2-бөліктерінде), 428, 429 (екінші бөлігінде), 430, 432, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.
2025 жылдың 1-жартыжылдығында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) келесі баптары бойынша Департаментпен жалпы сомасы 18 844 750 теңгеге 47 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды:
Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыреттерiне сәйкес өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, қызмет туралы, кiрiстер туралы, энергетикалық ресурстардың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы туралы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы, атом энергиясын пайдалану туралы ақпаратты беруден бас тарту, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптамалар және заңнамада көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту түріндегі кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не анық емес ақпарат беру
Департамент дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жұмыстың басты мақсаты – халық денсаулығын қорғау.