Нормативтік база:
* «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
* Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі;
* «Медициналық қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығы;
Жоспардан тыс тексерулер жүргізу негіздері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144 бабының 5 тармағымен қатаң айқындалған:
1) тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
2) егер бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп ұсынбаса және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
2-1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
3) сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
4) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокурордың талаптары;
5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
6) бақылау мен қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы);
7) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
Жоспардан тыс тексеруді жүргізудің жалпы алгоритмі:
✅ Тексеру негізі;
✅ Тексеруші тұлғалардың құрамын қалыптастыру;
✅ Тексеруді тіркеу;
✅ Тексеру процесі;
✅ Тексеру нәтижелерін ресімдеу;
✅ Әрекет ету шараларын қолдану;
Жоспардан тыс тексерулердің ерекшеліктері (маңызды аспектілер):
| 🕒 Тексеру жүргізу мерзімі-10 жұмыс күнінен аспайды (ұзартылуы мүмкін);
| 📋 Тексеру «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» АЖ-да тіркеледі;
| 📞 Анонимді шағымдар қарастырылмайды
| 📍 Тексерулер ескертусіз жүргізілуі мүмкін;
| 👨 ⚖ Шағымдану — жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен мүмкін;