Маман сертификатын алу ережелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» бұйрығы бойынша реттеледі.
Мемлекеттік қызмет электронды түрде тегін көрсетіледі.
Өтініштер elicense.kz порталы арқылы қабылданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі : 5 (бес) жұмыс күні.