Қазақстанда дәрілік заттардың шекті бағаларын кезең-кезеңімен ырықтандыру жобасы жүзеге асырылуда. 2022 жылдан 2026 жылға дейін мемлекет біртіндеп кейбір дәрі-дәрмектерге қойылған баға шектеулерін алып тастайды. Бұл — бәсекелестікті арттырып, халық үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ырықтандыру кезеңдері:
1-кезең (2022–2023 жж.): рецептісіз босатылатын дәрілерге — биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ), дәрумендер, гомеопатиялық құралдар және жеңіл ауруларды емдеуге арналған препараттарға бағаны реттеу алынып тасталды. Қазірдің өзінде 302 атау бойынша бағалар ырықтандырылды.
2-кезең (2023–2025 жж.): рецептуралық дәрілер мен антибиотиктер.
3-кезең (2025–2026 жж.): қалған дәрілер, мемлекеттік реттеу аясында қалатындардан басқа (ТМККК, МӘМС шеңберінде, онкологиялық, орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған дәрілер).
Мақсаты: Фармацевтикалық нарықта бәсекелі орта қалыптастыру, бағаны төмендету, реттеудің тиімділігін арттыру және халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін жақсарту.
Бақылау: Баға қалыптастыру ережелерінің сақталуын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері қадағалайды.
Қосымша: Фармацевтикалық нарық өкілдері баға мониторингіне және реттеу тетіктері бойынша ұсыныстар әзірлеуге белсенді қатысуда.