Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңының 31 бабына сәйкес, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (бұдан әрі – лицензиялық алым) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес лицензия (лицензияның телнұсқасы) беру (қайта ресімдеу) кезінде, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген өзге де жағдайларда алынады.
Көмірсутектер саласындағы кіші қызмет түрлерін қоспағанда, лицензияға қосымшаларды, лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес, "Салықтар және бюджетке теленетін басқа да міндетті телемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінін (Салық кодексі) 554-бабында белгіленген мөлшерде лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметі" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері:
Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі, мынадай лицензиялық алым алынады:
1) лицензияны беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 %-ы, бірақ 4 АЕК-дан аспайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 100 %-ы.
Лицензиялық алымдар заңды немесе жеке тұлға тіркелген мекен жай бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасына қабылданады.
Төлем үшін реквизиттар:
БСК - бюджеттік сыныптама коды: 105402 (Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым).
ТТК - төлемдерді тағайындау кодтары: 911 (Есептелген (есепке жазылған) және бюджетке төленетін өзге міндеттемелер).