Департаменттегі ашық есік күні: кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтер мен GPP сертификаттау түсіндірілді

Департаменттегі ашық есік күні: кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтер мен GPP сертификаттау түсіндірілді

2025 жылғы 30 маусымда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде Ашық есік күні өтті. Іс-шараға түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жеке кәсіпкерлердің 15-тен астам өкілі қатысты. Қатысушыларға Департаменттің қызметі таныстырылып, мемлекеттік қызметтер көрсету және тиісті дәріханалық тәжірибе (GPP) талаптарына сәйкес сертификаттау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Келіп түскен барлық сұрақтар мұқият қаралып, қатысушыларға жан-жақты жауаптар берілді.