Департамент елорда тұрғындарын 30 Маусымда Ашық есік күніне шақырады

Департамент елорда тұрғындарын 30 Маусымда Ашық есік күніне шақырады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті сізді 2025 жылғы 30 маусымда өтетін «Ашық есік күніне» шақырады, уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13.00 ден 14.30-ға дейін ).

Мекен-жайы: Астана қаласы, Достық көшесі, 13/3, 7 қабат.

Департамент қызметкерлері Медициналық және фармацевтикалық қызметке мемлекеттік лицензия алу бойынша Медициналық қызметтер көрсету (көмек) және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласын регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерге, сондай ақ денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын алуға және GPP стандарттарын енгізуге байланысты мәселелерге қатысты және дәріхана жағдайында дәрі-дәрмектерді рецепт бойынша босату ережелеріне қатысты барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.

Ашық есік күніне арналған іс-шараға қатысуыңызды сұраймыз.