Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1186 қаулысына сәйкес, мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қазақстандық азаматтық біртектілікті, патриотизмді және ұлт бірлігін нығайту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі элементі болып табылағандықтан Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге арналған іс-шаралары өткізілді:
2025 жылдың 4 мамырында Департамент басшысының кеңсесінде, барлық қызметкерлердің қатысуымен - Салтанатты рәсімде Департамент қызметкерлерінің дайындаған қазақтың халық әндері, Мұқағалидің отан, жер туралы өлеңдері шырқалды.
Департамент қызметкерлерінің арасында - мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге, өз еліне деген мақтаныш және отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және тәрбиелеуге бағытталған дөңгелек үстел - семинары өткізілді.