Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу ережелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» бұйрығында көрсетілген.
Маман сертификатын алу үшін elisense.kz. порталында өтініш қалдыру қажет. Мемлекеттік қызметті көрсеті уақыты – 5 жұмыс күні.
Өтінішті толтыру барысында - клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу мемлекеттік қызметті таңдау қажет, ары қарай – таңдалатын әрекет - Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу, білімі – орта және арнайы, мамандығы – Мейіргер ісі / Емдеу ісі / Акушерлік іс, біліктілің деңгейі – 4.0 ( біліктілік санаты жоқ).
Қажетті құжаттар тізімі:
- Білім бойынша дипломның электрондық көшірмесі;
- Аталған мамандық бойынша кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесі.