Тексеру түрлері: жоспардан тыс, барусыз/бармай профилактикалық бақылау және біліктілік талаптарының сәйкестігін тексеру

Тексеру түрлері: жоспардан тыс, барусыз/бармай профилактикалық бақылау және біліктілік талаптарының сәйкестігін тексеру

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылаудың мынадай түрлері бөлінеді:

  1. Жоспардан тыс тексеру.

Негізгі мақсаты: денсаулық сақтау субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы.

Негіздері:

* Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерінің болуы туралы Жеке, заңды тұлғалардың өтініштері;

* Прокуратура органдарының тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерінің болуы туралы Мемлекеттік органдардың хаттары;

* Тергеу нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау;

* Уәкілетті органдардың қаулылары немесе нұсқамалары;

* Алдыңғы тексеру бойынша нұсқаманы орындау мерзімдерінің аяқталуы;

  1. Профилактикалық бақылау.

Негізгі мақсаты: әкімшілік сипаттағы шараларды қолданбай заң бұзушылықтардың алдын алу.

Профилактикалық бақылауға жататын медициналық ұйымдардың тізімі автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы қалыптастырылады.

Кіші түрлері:

а) бақылау субъектісіне барумен:

* Құқық қорғау органдарында тіркелуге жатады;

* Лауазымды тұлғалардың медициналық ұйымға шығуы жүзеге асырылады;

* Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды талдауды қамтиды;

* Визуалды тексеруді, түсініктеме жинауды және т. б. қамтуы мүмкін . ;

* Санкцияларға әкеп соқпайды, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берумен аяқталуы мүмкін.

б) бақылау субъектісіне бармай-ақ:

* Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер, есептер мен құжаттар негізінде қашықтан жүргізіледі;

* Бақылау және қадағалау субъектісімен (объектісімен) байланыс талап етілмейді;

* Тәуекелдерді бағалауға және заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған .

  1. Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру.

Мақсаты: жеке немесе заңды тұлғаның медициналық қызметті немесе лауазымды атқару үшін заңнамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетіндігін анықтау.

Тексеріледі:

* Медициналық қызметке мемлекеттік лицензия;

* Білім;

* Жұмыс өтілі;

* Мамандығы бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін сертификаттың болуы;

* Аттестаттаудан, тестілеуден, арнайы тексерулерден өту.

Қорытынды: Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген талаптарына сәйкестігі (немесе сәйкес .стігі) туралы қорытынды шығарылады.