АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ КӨТЕРМЕ САУДАДА ӨТКІЗУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫНА

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ КӨТЕРМЕ САУДАДА ӨТКІЗУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫНА

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларының 9-тармақтың 10-тармашасына сәйкес дәрілік заттар көтерме саудасы «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарын сақтала отырып жүзеге асырылатынын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 25/1433-И шығыс хатына сәйкес, GDP талаптарына сәйкестік сертификаты жоқ дәрілік заттармен айналысатын дистрибьюторларды кестеге еңгізу үшін 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін өтінім беру қажеттілігі туралы хабардар етеміз.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде дәрілік заттар өткізуді бұзғаны үшін шаралар көзделгенін хабарлаймыз.