Дәріхана ұйымдарымен семинар-кеңес

Дәріхана ұйымдарымен семинар-кеңес

Комитет төрағасы Б.С. Байсеркиннің жұмыс кеңесінде берілген тапсырманы орындау шеңберінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда Департамент «ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту Ассоциациясы» ЗТБ президенті М.И. Дурмановамен бірлесіп дәріхана ұйымдарының 27 субъектісінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының дәріхана ұйымдарында тиісті дәріхана практикасын (GPP) енгізу» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Сондай-ақ, келесі бұйрықтарға өзгерістер енгізумен танысты:

- «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 тамыздағы №ҚР ДСМ-94 «Дәрілік заттың сауда атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізуге арналған дәрілік заттың сауда атауына шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасы бойынша фармацевтикалық нарыққа қатысушыларды хабардар ету;

- Қазақстан Республикасы Үкіметі «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі №470 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының жобасы негізінде Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне «Трамадол» дәрілік препаратын енгізу жоспарланып отырған туралы ақпарат.