«АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПРОВИЗОРЫ – 2026» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

«АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПРОВИЗОРЫ – 2026» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

2026 жылғы 8 маусымда Медицина қызметкері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алматы қаласының үздік провизоры – 2026» конкурсын өткізді. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін бес кандидатты конкурсқа қатысуға жіберді.

Конкурс нәтижелері бойынша бірінші орынды Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының фармацевт-провизоры Косимова Мунис Закировна иеленді. Екінші орын «Инкар» ЖШС-нің фармацевт-провизоры Талантова Диана Дарынқызына берілді. Үшінші орынды «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ-ның фармацевт-провизоры Кожабекова Меруерт Мейрхановна иеленді.

Алғыс хаттармен «Инкар» ЖШС дәріханалар желісінің менеджері Ершеева Динара Сериковна және «Кошимбаева» ЖК фармацевт-провизоры Намазакова Сабина Мухамбеталиевна марапатталды.

Аталған конкурс фармацевтика мамандығының беделін арттыруға, саладағы үздік мамандарды қолдауға және Алматы қаласының кәсіби фармацевтикалық қоғамдастығын дамытуға бағытталған.