РЕСМИ ХАБАРЛАМА

РЕСМИ ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент) әлеуметтік желілердегі пікірлерде көрсетілген дәрілік заттарға бағаларға жүргізілген мониторинг нәтижелерін жолдайды. Мониторинг i-teka.kz және apteka.103.kz ашық ақпараттық ресурстарынан алынған деректер негізінде жүргізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-94 «Дәрілік заттардың сауда атауларына өндірушінің шекті бағаларын, сондай-ақ олардың бөлшек және көтерме саудада өткізуге арналған шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, әлеуметтік желілердегі пікірлерде көрсетілген дәрілік заттар, атап айтқанда ацетилсалицил қышқылы, Алмагель, Називин, Нафтизин, Панкреатин, аталған бұйрыққа енгізілмегенін хабарлаймыз.

Осыған байланысты, ибупрофен мен флутиказонды қоспағанда, аталған дәрілік заттарға шекті бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылмайды.

Қосымшада халықаралық патенттелмеген атауларға сәйкес қалыптастырылған дәрілік заттардың кестесі ұсынылады.