РЕСМИ ХАБАРЛАМА

РЕСМИ ХАБАРЛАМА

«Сату жөніндегі айналымдары және импорты қосылған құн салығынан босатылатын протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды), медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы, мүгедектігі бар адамдарға берілетін арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, медициналық бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес түсіндірме беріледі.

Аталған бұйрық шеңберінде көрсетілген өнімдер бойынша алып келуге рұқсат беру құзыретіне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті ие емес.

Осыған байланысты, аталған мәселе бойынша ресми түсіндірме алу немесе тиісті шешім қабылдату үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тікелей жүгіну қажет екенін хабарлаймыз.