
❗Бүгінгі күні дәстүрлі емес медицинада хиджама, массаж және сүлікпен емдеу әдістері кеңінен қолданылуда. Бұл процедураларды орындау кезінде әртүрлі пышақтар мен банкалар қолданылады.
Бұл қызмет кепілдендірілген медициналық қызметтер тізіміне кірмейді, сондай-ақ ғылыми негізделген, дәлелденген емдеу әдістері болып табылмайды және Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан реттелмейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, хиджама теріден қан шығару болғанымен — медициналық қызмет түрі болып саналады.
👉 Медициналық білімі жоқ,
👉 медициналық лицензиясы жоқ,
👉 санитарлық талаптарға сай емес жерде хиджама жасау — заң бұзушылық.
⚖️ ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сай:
медициналық қызметті тек лицензиясы бар, арнайы медициналық білімі бар маман ғана көрсетуге құқылы.
❗ Лицензиясыз хиджама жасағандарға:
🔻 Әкімшілік айыппұл салынады;
🔻 Қызметі көрсетілуі тоқтатылады;
🔻 Қайталанса — жауапкершілік күшейтіледі, қылмыстық іс қозғалады.
🚫 ЕҢ ҚАУІПТІСІ:
Егер заңсыз жасалған хиджама салдарынан адам денсаулығына зиян келсе немесе өлімге әкелсе —
бұл ауыр қылмыс болып саналады!
📌 Мұндай жағдайда:
⛔ Бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған;
⛔ Медицина саласында жұмыс істеуге тыйым салынады.
🦠 Сонымен қатар:
стерильді емес құралдармен, қанмен жұмыс істеу —
жұқпалы аурулардың (ВИЧ, гепатит және т.б.) таралу қаупін арттырады!
❗ Халықтың денсаулығымен ойнауға ешкімнің хақысы жоқ!
Заңсыз хиджама —
❌ дін де емес,
❌ ем де емес,
❌ бұл — жауапсыздық пен қылмыс.
✋ Егер рұқсатсыз, заңсыз хиджама жасап жүргендер болса —
тиісті органдарға хабарлау — әр азаматтың міндеті!
📢 Заң бар! Талап бар! Жауапкершілік бар!
Адам өмірі мен ұлт саулығы бәрінен қымбат!