«ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНАН БОСАТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ 31 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1203 ҚАУЛЫСЫ

«ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНАН БОСАТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ 31 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1203 ҚАУЛЫСЫ

2-тарау. ҚҚС-дан босатуды қолдану тәртібі

  1. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 251-бабының 1-тармағына сәйкес әкелінетін дәрілік заттардың импортын қосылған құн салығынан босату:

1) фармацевтикалық қызметке немесе медициналық қызметке арналған лицензия;

2) орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін дәрілік заттарды қоспағанда "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32733 тіркелген) көзделген тәртіппен жасалған дәрілік заттарды беру шарты;

3) дәрілік заттардың Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуі;

4) тіркелмеген дәрілік заттарды импорттау жағдайларында "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығына сәйкес берілген рұқсат беру құжаты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21749 тіркелген);

5) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған тауарларды мақсатты пайдалану туралы импорттаушы міндеттемесінің;

6) Қазақстан Республикасының аумағында өндіру мақсатында пайдаланылатын дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанциялар мен балк-өнімдерді, импорттау жағдайларында "Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 125-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32184 тіркелген) сәйкес берілген тауарлардың нысаналы мақсатын растау болған жағдайда қолданылады.

  1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 45-бабының 5-1-бөлігіне сәйкес "электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілерінде мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді өнім берушіден жинауға және талап етуге жол берілмейді.
  2. Өнім беруші ТМККК және МӘМС шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін дәрілік заттар үшін саны мен көлемдері көрсетілген, тауардың жеке декларациясын толтырады.
  3. Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттарды импорттау кезінде құжаттарды беру және оларды кеден органдарымен қарау тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.
  4. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасында медициналық, фармацевтикалық қызметке сәйкес келмейтін, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан одан әрі әкету мақсатында тауарлардың өнім берушілермен пайдаланылуы кезінде (реэкспорт кедендік рәсімімен әкетуді қоспағанда), осындай тауарларды кедендік ресімдеу кезінде төленбеген қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына немесе кеден заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.