«NAQTY ONIM» ҚОСЫМШАСЫ

«NAQTY ONIM» ҚОСЫМШАСЫ
Құрметті Алматылықтар мен қонақтары!
Азаматтардың денсаулығын қорғау және дәрілік заттардың заңсыз айналымына жол бермеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылу фактілері анықталуына байланысты, уәкілетті мемлекеттік органдар тұрғындарға дәрілік затты сатып алу кезінде ерекше сақ болуды ұсынады.
Ескерту: тегін медициналық көмек кепілдендірілген көлемдегі (КТМК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттар бөлшек саудаға шығарылмайды. Мұндай дәрілерде арнайы таңбасы бар және олар тек медициналық ұйымдарда қолдануға арналған.
Дәрілік заттардың түпнұсқалығын және заңды айналымдағы болуын тексеру үшін мынадай шараларды орындаңыз:
Дәрілік заттың таңбасын тексеріңіз, қосымша орамасында Data Matrix марка коды бар екеніне көз жеткізіңіз. Код баспа жолымен жасалуы тиіс, зақымданған немесе түзетілген іздері болмауы қажет.
«Naqty Onim» мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: сатып алудан бұрын марка кодын қосымша арқылы сканерлеңіз. Қосымша арқылы келесі ақпаратты тексеруге болады:
дәрінің статусын (заңды айналымда бар ма);
өндіруші және серия туралы мәліметтер;
заңды түрде айналымға енгізілгенін және шығарылғанын.
Егер қосымша дәрілік заттың айналымнан шығарылғанын немесе медициналық ұйымдарға арналғанын көрсетсе, немесе ақпарат жоқ болса — сатып алудан бас тартыңыз.
Касса чегін сұраңыз: дәрі-дәрмекті сатып алғаннан кейін міндетті түрде касса аппараты арқылы шығарылған чек сұраңыз. Чектің жоқтығы сату тәртібінің бұзылғанын көрсетуі мүмкін.
Орамның бүтіндігіне назар аударыңыз: зақымдалған қаптамасы, медициналық қолдану нұсқаулығы жоқ немесе ашылған белгісі бар дәрілерді сатып алмаңыз.
Күдікті фактілер туралы, егер күмәнді дәрілік зат анықталса (қосымшада ақпарат жоқ, мәліметтер сәйкес келмейді, чек беруден бас тарту) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне Алматы қаласы бойынша департаменті, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына хабарлаңыз.
Тұрғындардың дәрілік заттарды сатып алудағы жоғары хабардарлығы мен сақтық шаралары — халықтың денсаулығын қорғаудың және дәрілік заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.