Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) интернет желісінде Израильде өндірілген «Парацетамол P-500» дәрілік препаратының бейнесі және оның төңірегінде бірқатар шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтердің таралуын хабарлайды. Азаматтарға аталған препараттың Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмегенін, айналыста еместігін және заңды айналымда жоқ екенін хабарлаймыз.
Таратылып жатқан ақпарат жалған. Азаматтарды үрейленбеуге және тек ресми ақпарат көздерін пайдалануға шақырамыз.
Бүгінгі күнге дейін Департаментке осы дәрілік затқа байланысты улану немесе өлім жағдайлары туралы ешқандай мәлімет түспегенін атап өтеміз.
Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда ресми денсаулық сақтау ұйымдарына жүгінулеріңізді ұсынамыз.
Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімі: 273-48-51
Медициналық қызметті бақылау бөлімі: 273-48-50
Пациенттерге арналған Call-орталық: +7 700 050 1213, +7 700 050 1312