ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕАЭО-ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІГІ: САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕАЭО-ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІГІ: САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
2025 жылғы 31 қазанда Алматы қаласында «Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасымен «Қазақстан және ЕАЭО фармацевтикалық кеңістігі: тіркеуден қамтамасыз етуге дейін» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара мемлекеттік органдардың, сараптамалық ұйымдардың және фармацевтикалық қауымдастықтың өкілдерін кең ауқымды өзекті мәселелерді талқылау үшін біріктірді.
Талқылаудың негізгі тақырыптары – салықтық реттеу, тіркеу рәсімдері, баға қалыптастыру мәселелері, «бірыңғай терезе» тетігін енгізу, сирек (орфандық) ауруларға арналған дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және отандық өндірушілерді қолдау болды.
Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың, сараптамалық ұйымдардың және фармацевтикалық қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен қатысушылардың сұрақтарына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратұлы Мұратов жауап берді. Ол дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын атап өтті.
Талқылауға сондай-ақ ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Гаухар Үшкемпірқызы Раймқұлова және ҚР ДСМ Дәрілік саясат департаменті директорының орынбасары Айгүл Тұрлығұлқызы Баянбердиева қатысты.
ДСМ-ге қарасты ұйымдар атынан іс-шараға «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Даурен Мұратұлы Диханбаев, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Дамир Абайдылдаұлы Даулетбаев, «Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасының орынбасары Әділет Берікболұлы Табаров, сондай-ақ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Әлбина Нұрзадақызы Немолчева қатысты.
Дөңгелек үстел дәрілік заттардың айналымын реттеу жүйесінде күтіліп отырған құрылымдық өзгерістер қарсаңында салалық диалогтың маңызды алаңдарының бірі болды.
Іс-шара қатысушылары Денсаулық сақтау министрлігі, сараптамалық ұйымдар мен кәсіби фармацевтикалық қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, бұл халықты дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету және ықтимал тәуекелдерді азайту үшін қажет екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы жинақталған ұсыныстар әзірлеп, оларды әрі қарай қарастыру және мемлекеттік реттеу тәжірибесіне енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жолдайтын болады.