2025 жылғы 10 қыркүйекте Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаменті (бұдан әрі – Департамент) Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен және «Қазақстан Республикасы фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп, психоактивті заттары бар дәрілік заттарды қоса алғанда, дәрілік заттарды теріс пайдалану мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңеске қатысқан тұлғалар:
Департамент басшысы – Даулетбаев Дамир Абайдылдаұлы;
Департамент басшысының орынбасары – Мухамедяров Мурат Елжасұлы;
Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі – Курманжанов Мади Улдаханұлы;
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ерекше маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция полковнигі – Дахов Максим Георгийұлы;
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры – Дешко Индира Аманғалиқызы.
Кездесудің мақсаты – «аптекалық нашақорлық» мәселесін талқылау, рецептуралық препараттардың босатылуын бақылауды күшейту, дәріхана ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, сондай-ақ дәрілік заттарды бақылаусыз қолданудың адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсері туралы халықты ақпараттандыру және алдын алу жұмыстарын күшейту.
Жұмыс кеңесінен кейін Алматы қаласының дәріхана ұйымдары өкілдерімен онлайн/офлайн форматта кездесу өткізілді. Кездесу барысында полиция полковнигі М.Г.Дахов есірткі тұтынудың өсу мәселелері, дәрілік заттарды бақылаусыз пайдалану, дәріхана ұйымдарының дәрігердің рецептісіз күшті әсер ететін дәрілік заттарды босатуы туралы баяндама жасады.
Кеңес қорытындысы бойынша прокуратура және кеден органдарының өкілдерімен бірлескен кездесу өткізу туралы шешім қабылданды. Кездесудің мақсаты – нашақорлықтың өсуіне жол бермеу, дәрілік заттарды теріс пайдалану фактілерінің алдын алу, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды айқындау.