«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ хабарлайды, 2025 жылғы 7 тамыздағы №-25/2570-И медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің хатына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 233-бабының 3-тармағының нормасын (тиісті дәріханалық тәжірибе – GPP талаптарын сақтау) күшіне енгізуге дайындық шеңберінде, көрсетілген норманың күшіне енуіне 6 айдан аз уақыт қалғанын (2026 жылғы 1 қаңтар) назарларыңызға жеткіземіз.
Осыған байланысты, барлық дәріханалық ұйымдар 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен бекітілген тиісті дәріханалық тәжірибе (GPP) қағидаларына сәйкес келетін GPP стандартына сәйкестігін растау мақсатында тиісті дәріханалық тәжірибе бойынша инспекциядан өтуге өтінім тапсырып, фармацевтикалық инспекциядан өтуі қажет.
2025 жылға арналған фармацевтикалық инспекциялар графигін жаңарту үшін 2025 жылдың соңына дейінгі GPP фармацевтикалық инспекциясының өту мерзімдерін көрсетіп, ақпарат беруіңізді сұраймыз.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабы 1-бөлігіне сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін хабарлаймыз.
Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің телефоны: +7 (727) 273-40-01.
Кеңсе телефоны: +7 707 404 35 63.