2025 жылғы 17 маусымда Zoom платформасында онлайн-кеңес өтті. Кеңесті Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Мырзаев А.Т. өткізді.
Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:
-рецепт бойынша босатуға жататын дәрілік заттарды босату тәртібін сақтау;
-медициналық ұйымдарда рецептілерді жазу ережелері;
-медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру;
-рецептімен босатылатын дәрілік заттарды рецептісіз сатуға жол бермеу мақсатында тұрақты түрде алдын алу шараларын ұйымдастыру және өткізу.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға дәрілік заттарды босату тәртібін сақтау жөніндегі бақылауды күшейту бойынша тиісті ұсыныстар берілді, сондай-ақ дәріхана ұйымдарының қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.