2025 жылғы 9-10 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» нысанындағы ЗТБ және «Қазақтелеком» АҚ таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторымен бірлесіп, дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізетін субъектілердің қатысуымен онлайн және офлайн форматта семинар-кеңес өткізді.
Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау ережелері, Ismet.kz жүйесінде актілерді қабылдау және дәрілік заттарды айналымнан шығару мәселелері, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық қызмет субъектілерінің дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі талқыланды.