2025 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын сақтау мақсатында аумақтық департаменттерді қосумен кеңес өткізді. Өткізілген кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің және аумақтық департаменттер деңгейінде ашықтықты арттырудың негізгі аспектілері талқыланды. Кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мен бақылау тетіктерін енгізудің маңыздылығын атап өтті. Талқылау барысында қызметкерлердің қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар мен ережелер туралы хабардар болу деңгейін арттыру қажеттігіне назар аударылды.