Медициналық қызметті лицензиялау «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады (2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығы).
Медициналық қызметке лицензия (оған қосымша) алу үшін денсаулық сақтау субъектісі медициналық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс (2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығы), атап айтқанда:
1) санитарлық ережелерге сәйкес келетін үй-жайлар (2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығы) болуы тиіс. Лицензияны (оған қосымшаны) алғанға дейін санитариялық – эпидемиологиялық қорытындының болуы қажет;
2) мамандар:
- тиісті мамандық бойынша маман сертификаты бар (2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығы);
- мәлімделген медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 (бес) жылда біліктілікті арттыру;
3) Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына (2023 жылғы 24 ақпандағы № 31 бұйрығы) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жұмыс істеп тұрған медициналық жабдықты, мүкәммалды/жиһазды және басқа да құралдарды (қажет болған жағдайда).
Стандартқа сәйкес 4-қосымшада стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру тізбесі көрсетілген, осы тізбеде орталық зарарсыздандыру болмаған кезде автоклавтың (бу стерилизаторы) болу қажеттілігі көрсетілген.
Осылайша, «стоматология» кіші түріне лицензияға қосымша берген кезде лицензиар орган лицензиаттан оның Стандарттың барлық нормаларына сәйкестігін талап етуі тиіс.
Стоматологиялық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісінде орталық зарарсыздандыру болмаған жағдайда «автоклав (бу стерилизаторы)» жабдығы болуы тиіс.