
Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Нугманов А.М. Департаменттің 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 21 н/қ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ жалпыға бірдей құқықтық оқыту 2025 жылға арналған Жоспарының 6 тармағы - Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылы туралы құқықтық оқыту өткізді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылы туралы қағидасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 427 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 255 бірлескен бұйрығымен бекітілген.
Әдеп жөніндегі уәкіл жүктелген функцияларды орындау процесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өз қызметі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен мынадай мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін олардың тиісті жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарларына әртүрлі профилактикалық іс-шараларды енгізу арқылы ұйымдастырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын келесі жылдың бірінші тоқсанының алдындағы айдың бірінші күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға алдағы жылға арналған әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жоспарын қалыптастыру үшін профилактикалық сипаттағы іс-шаралар бойынша ұсыныстар жолдайды.
Жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органнан келіп түскен ұсыныстар негізінде келесі жылдың бірінші тоқсанының алдындағы айдың жиырмасынан кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің өзекті бағыттарын ескере отырып, әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында мерзімді түрде орналастырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қажеттілік болған жағдайда орталық мемлекеттік органдар (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігін қоспағанда) мен олардың аумақтық бөлімшелерінің, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің, шет елдегі мекемелердің, тексеру комиссияларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандар, қалалардағы аудандардың әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметі туралы ақпаратты қосымша сұрата алады.