
2025 жылғы 1-тоқсанындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы ақпарат
Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау:
2025 жылдың 1 тоқсанында медициналық қызметті бақылау бөлімінде медициналық көмек көрсету сапасы мәселелері бойынша 104 өтініш тіркелді.
104 өтініштің 23 - і жоспардан тыс тексерулер жүргізумен қаралды, оның ішінде 3 өлім жағдайы.
Медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша:
- негізделген шағымдар - 11;
- ішінара негізделген - 6;
- негізсіз - 6;
Профильдер бойынша шағымдардың құрылымы:
- терапевтік профиль-6;
- хирургиялық профиль-5;
- басқалары -12.
Өтініш беру себептері бойынша шағымдардың құрылымы:
- медициналық қызмет көрсету сапасына - 10;
- ауруханаға жатқызудан бас тарту-2;
- еңбекке жарамсыздық парағын берудің негізділігі-1;
- өзгелері (офтальмология, мүгедектік, оңалту және т.б.) - 10.
Жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша 21 нұсқама берілді.
Тексеру актілері 16 жағдайда ұйымдастыру шараларын қабылдау үшін Алматы обласы деңсаулық сақтау басқармасына және құқық қорғау органдары-12 жолданды.
Медициналық қызмет саласындағы бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 1 797 410 теңгеге 24 хаттама жасалды:
- ҚР ӘҚБтК 80-бабының 2-1-бөлігі бойынша-275 240 теңге сомасына 11 хаттама;
- ҚР ӘҚБтК 424-бабының 1-бөлігі бойынша-697 930 теңге сомасына 10 хаттама;
- ҚР ӘҚБтК 428-бабы бойынша-196 600 теңге сомасына 1 хаттама;
- ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша-627 640 теңге сомасына 2 хаттама (сот шешімі бойынша);
Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау:
2025 жылдың 1 тоқсанында департаментке 27 өтініш келіп түсті, оның ішінде:
- қаралды-3 өтініш
- қарауда тоқтатылды-19 (мынадай себептер бойынша: денсаулық сақтау субъектісі көрсетілмеген, бұрын жүргізілген тексеру кезінде жаңа фактілер көрсетілмеген, өтініштерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 63, 70-баптары бойынша пысықталған өтініштерді тіркеу және қарау үшін қажетті заңнама талаптары сақталмаған);
- қайта бағытталды-5.
Қаралған өтініштердің құрылымы
Есепті кезеңде қаралған 27 өтініш құрылымы бойынша бөлінеді:
дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша шағымдар - 22;
сұраулар, ұсыныстар – 5.
Департамент 2025 жылдың 1 тоқсанында 4 тексеру жүргізді, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдер болған кезде - 4 тексеру;
Есепті кезеңде барлығы -4 жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, оның ішінде:
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде-4
Тексеру нәтижелері бойынша субъектілердің басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді 2, жалпы сомасы 1 651 440 теңгеге 3 әкімшілік хаттама жасалды.
Әкімшілік істерді қарау нәтижелері бойынша ақпарат:
Есепті кезеңде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік істер қозғалды және жалпы сомасы 1 651 440 теңгеге 3 әкімшілік айыппұл салынды
- ҚР ӘҚБтК 426-бабының 1-бөлігі бойынша-275 240 сомасына 2 хаттама;
- ҚР ӘҚБтК 426-бабының 3-бөлігі бойынша-1, сотқа берілді (1 376 200).