Дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеудің күшін жою жөніндегі халық үшін ақпарат

Дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеудің күшін жою жөніндегі халық үшін ақпарат

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп 2023 жылғы 29 желтоқсанда Денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жол картасын бекітті, ол көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеуді кезең-кезеңімен жоюды көздейді:

- бірінші кезеңде 2023 жылдың басынан бастап бәсекелестік ортаға 3-тен астам аналогы және 3-тен астам өндірушісі бар рецептсіз сатылатын дәрілік заттардың 302 атауы шығарылды;

- екінші кезеңде 2024 жылға қарай барлық рецептсіз сатылатын дәрілік заттарды (көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын дәрілік заттар тізбесінің жобасы (барлық рецептілік дәрілік заттар) қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісе отырып) бәсекелестік ортаға жіберу жоспарлануда;

- үшінші кезеңде, 2026 жылға қарай барлық дәрілік заттарды көтерме және бөлшек сауда желісінде бәсекелестік ортаға жіберу жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті тоқсан сайын құны мемлекетпен реттелмейтін дәрілік заттардың 302 атауына бағаларға талдау жүргізеді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тізілімде 7 218 дәрілік зат тіркелген. Оның ішінде 5 511 рецептуралық дәрілік заттар (оның ішінде ЕАЭО шеңберінде тіркелген 61 дәрілік заттар), 1 768 рецептісіз дәрілік заттар.

2023 жылдың басынан бастап 302 дәрілік заттың (бір халықаралық патенттелмеген атау шеңберінде кемінде 3 өндіруші және 3 сауда атауы бар рецептсіз сатылатын дәрілік заттар) бағаларын мемлекеттік реттеу жойылды. Қазақстан Республикасы бойынша 316 дәрілік заттың бөлшек сауда бағасын талдау көрсеткендей 2022 жылдың шекті бағасымен салыстырғанда:

- 177 дәрілік заттың бағасы орта есеппен 4% - ға төмендеді(Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Абай облысы,Шымкент қаласы) (2023 жылғы қаңтар айына 2% - ға төмендеді);

- 100 дәрілік заттың бағасы орта есеппен 21% - ға өсті(Ақмола облысы, Атырау облысы, Павлодар облысы) (2023 жылғы қаңтар айына 25,2% - ға өсті);

- 39 дәрі-дәрмекке баға өзгерген жоқ.

Бағаларды талдау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінен алынған ашық көздерден (I teka, Damumed және т.б.) алынған деректер негізінде қалыптастырылды.

 

2024 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп бекіткен жол картасына сәйкес барлық рецептсіз сатылатын дәрілік заттардың – 1768 дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеуді жою жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 2023 жылғы 29 тамызда жүргізген талдау 2023 жылғы қаңтардағы деректермен салыстырғанда құны мемлекет реттемейтін дәрілік заттардың 302 атауына 8 айдағы бағаның төмендегенін көрсетеді.