Халықаралық балаларды қорғау күні

Халықаралық балаларды қорғау күні

Балалық шақты қорғау және балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету – мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі.

Халықаралық балаларды қорғау күні – қоғам назарын балалардың құқықтарын қорғауға аударып, әрбір баланың қауіпсіз әрі бақытты балалық шаққа құқығы бар екенін еске салатын маңызды мереке.

Балалардың мүдделерін қорғау, олардың құқықтарын насихаттау, қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуына қолайлы жағдай жасау – баршамызға ортақ міндет.

Осы мереке аясында Департамент қызметкерлері де игі іске өз үлестерін қосып, балаларға қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл-күй тарту етті. Балалардың жүзіндегі шаттық пен күлкі – біз үшін ең үлкен марапат.

Барша бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Әр баланың балалық шағы бақытқа, мейірімге және жарқын сәттерге толы болсын!