
2026 жылғы 14 мамыр күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Қонаев қаласында жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған экологиялық іс-шараға Департамент қызметкерлері де белсенді қатысып, қаланы абаттандыру мен тазалық жұмыстарын жүргізуге өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында аумақтар қоқыстан тазартылып, қоршаған ортаны көркейту жұмыстары атқарылды.