
2026 жылғы 16 сәуірде Қонаев қаласында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті. Отырысқа Алматы облысы әкімінің орынбасары Г.А. Майлыбаев, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.А. Сулейменов, «ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ басшысы А.Н. Жаманбалина және департаменттің медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Ә.А. Серікбол қатысты.
Сондай-ақ алқа отырысына Алматы облысындағы медициналық ұйымдардың басшылары қатысты. Отырыс барысында Алматы облысы денсаулық сақтау жүйесінің 2026 жылғы 1-тоқсандағы қызметінің қорытындылары шығарылды.