
2026 жылдың 14 сәуірінде Департамент басшысы А.Н. Жаманбалина және медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы А.М. Нугманов аудандық, қалалық және жеке медициналық ұйымдардың өкілдерімен ZOOM форматында кездесу өткізді. Кездесу барысында «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, сондай-ақ медициналық қызметтің бейінді мамандықтары бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандарттары түсіндірілді.