
Іс-шара барысында Департамент қызметкерлері келушілерге фармацевтикалық және медициналық қызметке лицензия алу мәселелері бойынша кеңес берді. Сонымен қатар медициналық ұйымдар көрсететін медициналық қызметтердің сапасына қойылатын талаптар түсіндірілді.
Келушілер өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алып, денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау бойынша практикалық ұсынымдар алды.