
2026 жылы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Zoom-конференция форматында өңірдің медициналық ұйымдарының кадр қызметтерімен түсіндіру жұмысын өткізді. Іс-шараны медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Адай Бағланұлы Тәнірбергенов жүргізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын беру, оның қолданылуын растау, оның ішінде шетелдік мамандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған тұлғаларды денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын алуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер қарастырылды.
Атап айтқанда:
Кездесу барысында заңнама нормаларын қолдану бойынша жан-жақты түсіндірмелер беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.