
2026 жылғы 12 ақпанда Алматы облысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің 2026 жылға арналған құқықтық жалпы оқыту жоспарына сәйкес Департамент қызметкерлеріне құқықтық жалпы оқыту өткізілді.
Оқытуды фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Ахметкерім А.Б. жүргізді.
Оқыту барысында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі, сондай-ақ бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыруда қолданыстағы заңнаманы дұрыс қолдану мәселелері қарастырылды.
Құқықтық жалпы оқытуды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және бақылау қызметінде заң талаптарын біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған