Медициналық қызметкерлердің қосымша білім беру мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді

Медициналық қызметкерлердің қосымша білім беру мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді

2026 жылғы 11 ақпанда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Тәнірбергенов А.Б. өңірдегі медициналық ұйымдардың кадр қызметтері өкілдерімен Zoom-конференция форматында түсіндіру жұмысын жүргізді.

Конференция барысында қатысушыларға ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 221-бабының 6-тармағына сәйкес жоғары медициналық және жоғары мейіргерлік білімі бар мамандарға арналған медициналық мамандықтар бойынша қосымша және бейресми білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілгені жөнінде түсіндірме берілді.

Қосымша және бейресми білім алудан өту тәртібі, білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шараларды өткізу денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.