Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқы туралы, оның ішінде іссапарларда және қызметтік қажеттілігі бойынша тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығуларға ҮЛГІ ЖАДЫНАМА
- Іссапар мемлекеттік қызметшіні қызметтік міндеттерін орындау үшін басшылықтың өкімі бойынша жіберу (тексерулер, семинарлар, көшпелі кеңестер, оқыту, біліктілігін арттыру немесе белгілі бір мерзімге, оның ішінде басқа жерге қайта даярлау) болып табылады.
- Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына жоғары талаптар қояды, тұрақты орнынан тыс шығу Әдеп кодексінің талаптарын сақтаудан босатпайды.
Мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын қатаң сақтауға тиіс.
- Іссапардағы лауазымды адамдар өздерінің мінез-құлқымен және сыртқы түрімен азаматтар мен басқа да мемлекеттік қызметшілер үшін үлгі болуға тиіс.
- Барлық іссапар шығындарын төлеуді іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілер оған бөлінген ақшалай қаражаттың (жол жүру, тұру, тамақтану) есебінен ғана жүзеге асыруға тиіс.
- Сыйлықтарды, жол жүру билеттерін төлеу туралы ұсыныстарды, қонақ үйде тұруды, спирттік ішімдіктерді пайдалана отырып, тойларға қатысуды қабылдамау.
- Көңіл көтеру орындарына барудан бас тарту керек.
- Жол жүру жолында іссапарға жіберілетін мемлекеттік қызметшілер белгіленген жол жүру және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін лауазымды адамдардың (жолсерік, жүргізуші, машинист, ұшқыш, бақылаушы және басқалар) өкімдерін орындауға, олармен және жолаушылармен сыпайылық танытуға міндетті.
- Қонақ үйде белгіленген тұру ережелерін сақтау, уақытша режимді сақтау, тазалық пен тәртіпті сақтау қажет.
- Жергілікті көрікті жерлерге тек жұмыстан тыс уақытта бару керек. Оларға барумен байланысты шығындарды тек өз қаражаты есебінен төлеу керек.
- Ойын мекемелерінде, сондай-ақ телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желілерін пайдалану арқылы жүргізілетін құмар ойындарға немесе бәс тігуге қатыспау.
- Өтініш берушілермен телефон арқылы сөйлескен кезде олардың барлық сұрақтарына сыпайы және сабырлы түрде жауап беріңіз, оған уақыт шектеулі екенін және телефонмен сөйлесу 10 минуттан аспайтынын бірден хабарлаңыз. Бұл ретте оның мемлекеттік органға өзін қызықтыратын барлық мәселелер бойынша, оның ішінде шағыммен - нақты дәлелдерді көрсете отырып жүгіну құқығын түсіндіру қажет.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде дәлелді бас тартуларды қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 5-бабының талаптарын сақтау қажет және өтініш берушілер рұқсат беру құжатын беру үшін оның сәйкес келмеуі бойынша барлық ескертулермен толық және анық жауапты қолжетімді нысанда ұсынуы қажет.