2025 жылғы 15 тамызда медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы А.М. Нугманов және медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Ә.А. Серікбол аудандық ауруханалармен ZOOM-конференция өткізді. Кеңес барысында ауылдық денсаулық сақтау мен жайлы мектептерді жаңғырту шеңберінде аяқталған және теңгерімге қабылданған объектілерді лицензиялау мәселелері қаралды, сондай-ақ Департаментке медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау функциясын беру тәртібі түсіндірілді.