2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР ДСМ ДКМФК Алматы облысы бойынша 325 өтініш тіркелді.
• Медициналық қызмет көрсету саласы бойынша – 256;
• Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласы бойынша – 69.
325 өтініштің ішінен 63-іне жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, оның 4-еуі өлім жағдайымен байланысты болды.
• Медициналық қызмет көрсету саласында – 49 тексеру (77%);
• Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласында – 14 тексеру (33%).
Тексерулерге 117 тәуелсіз сарапшы тартылды.
Медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету мәселелері бойынша жүргізілген тексерулердің нәтижесінде:
Негізделген – 29 (46%);
Жартылай негізделген – 16 (25,3%);
Негізделмеген – 18 (28,5%).
Профильдер бойынша шағымдардың құрылымы:
Терапевтік профиль – 15 (24%);
Хирургиялық профиль – 5 (8%);
Педиатриялық профиль – 1 (1,5%);
Акушерлік-гинекологиялық профиль – 2 (3%);
Инфекциялық – 1 (1,5%);
Басқалар – 37 (59%).
Өтініштердің себептері бойынша құрылымы:
Медициналық қызметтердің сапасына шағым – 20 (32%);
Госпитализациядан бас тарту – 2 (3%);
Еңбекке жарамсыздық парағының негізділігі – 3 (5%);
Дәрілік заттармен қамтамасыз етпеу – 13 (27%);
ҚР-да тіркелмеген дәрілік заттың сатылуы – 1 (1,5%);
Басқалар (офтальмология, мүгедектік, оңалту және т.б.) – 24 (38%).
Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 7 096 290 теңгеге 71 әкімшілік хаттама толтырылды:
• Медициналық қызметтер саласы бойынша – 63 хаттама, жалпы сомасы 5,2 млн теңге;
• Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласы бойынша – 8 хаттама, жалпы сомасы 1,9 млн теңге.
ӘҚБтК баптары бойынша:
80-баптың 2-1-бөлігі бойынша – 34 хаттама, 865 040 теңге;
81-баптың 1-бөлігі бойынша – 2 хаттама (ескерту);
230-баптың 2-бөлігі бойынша – 2 хаттама, 629 120 теңге;
428-бап бойынша – 1 хаттама, 196 600 теңге;
424-баптың 1-бөлігі бойынша – 19 хаттама, 1 562 970 теңге;
433-баптың 1-бөлігі бойынша – 3 хаттама, 58 980 теңге;
462-баптың 3-бөлігі бойынша – 1 хаттама, 3 380 040 теңге (сот шешімімен);
426-баптың 1-бөлігі бойынша – 2 хаттама, 275 240 теңге;
464-баптың 1-бөлігі бойынша – 1 хаттама, 88 470 теңге;
426-баптың 3-бөлігі бойынша – 1 хаттама сотқа жіберілді.
Тексеру актілері бойынша 39 жағдайда денсаулық сақтау басқармасына ұйымдастырушылық шаралар қабылдау үшін жолданды, ал 23 іс құқық қорғау органдарына жіберілді. Алматы облысының Әкімдігіне халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау үшін 4 талдамалық анықтама жолданды.